25.05.2021
ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ!
Сіздерді ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қымбат саналатын соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі деуге болады. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Еліміздегі игіліктердің барлығы елдің болашағы-жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалуда. Ендеше сіздерді Егемен еліміздің тұтқасын ұстар елжанды, мықты тұлға болады деп сенеміз. Ақ жол, сіздерге мектеп бітіруші, жас түлектер!
Ізгі тілекпен Шымкент қаласының мәслихат депутаттары!