Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының мәжілісі болып өтті. Жиында Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 16 мәселені қарады.
Олар:
1. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Тұрғындарды баспанамен қамту шаралары туралы;
3. Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
4. Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы;
5. Шымкент қаласы полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары және материалдық техникалық жабдықтау жағдайы туралы;
6. Шымкент қаласында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы;
7. Шымкент қаласындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы;
8. Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы;
9. «Шымкент қаласының жер комиссиясы туралы ережені және комиссия құрамын бекіту және Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жою туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/99-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/381-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
11. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/282-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
12. «Шымкент қаласының басқару схемасы туралы» 2018 жылғы 22 маусымдағы №31/252-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
13. «Шымкент қаласы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» 2021 жылғы 1 сәуірдегі №4/31-VII Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
14. Шымкент қаласы мәслихатының кейбір депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
15. Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесі құрамын бекіту туралы;
16. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясын өткізуді жоспарлау туралы.
Жиынға қала әкімі М.Әйтенов, аумақтық департамент және жергілікті атқарушы орган басшылары қатысты. Өз кезегінде депутаттар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бір қатар сауалдар қойып, тиісті шешімдер қабылдады.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз хатшысы