2016 жылдың қазан айының 11 күні қала әкімдігінің мәжіліс залында облыстың жаңадан тағайындалған әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевпен қалалық әкімдік мүшелері, мәслихат депутаттарымен кездесу өтті. Аталған кездесуге облыс әкімінің барлық орынбасарлары, басқарма басшылары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында, қаланың тыныс-тіршілігімен қала әкімі мен оның орынбасарлары таныстырды. Облыс әкімі облысымыздың дамуында Шымкент қаласының орны ерекше екендігін атап өтті.
Өңір басшысы қаланың даму жолында қалалық мәслихаттың рөлінің маңыздылығын айтып, қалалық мәслихат депутаттарының белсенділіктерінің арттыра түсуіне сенім білдіре отырып, алдағы уақытта қалалық мәслихат депутаттарымен жеке кездесу өткізетіндігі жөнінде мәлімдеді.