Бүгін қала мәслихатының мәжіліс залында Қоғамдық кеңес туралы заңға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиынға белгілі қоғам қайраткерлерімен бірге үкіметтік емес ұйымдардың және ғылыми ортаның өкілдері, басқарма мамандары, журналистер одағы, яғни, қоғамдық кеңестің қалалық мәслихатта бекітілген мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін кеңес төралқасы сайланды.
Бұл ретте сөз алған «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары, мәслихат депутаты Бекайдар Тулегенов, т.б. қатысушылар алдымен Қоғамдық кеңестің төрағасын сайлауды ұсынып, бұл лауазымға бірауыздан үшінші қаламен бірге біте қайнасып,оның дамуына айтарлықтай үлес қосқан Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Шымкент мемлекеттік зообағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры Нұрғазы Бұхарбаевтің кандидатурасын мақұлдады. Өзіне артылған сенімді ақтау үшін барлық білімі мен тәжірибесін пайдаланатынын айта келе қоғам мүшелерін одан әрі өркендету жолында бірлесе күш жұмылдыруға шақырды. Одан бөлек, төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің хатшысы болып Ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы сайланды. Сонымен қата, төралқа құрамына мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, депутат Бекайдар Тулегенов, Нұрғазы Бұхарбаев, Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-дің директоры Дариякуль Қожамжарова, орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Вербидский Игорь Владимирович енді.
Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің
ҚҰРАМЫ
№ | Аты-жөні | Қызметі |
1. | Бухарбаев Нургазы
Бактыбаевич |
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Шымкент мемлекеттік зоосаябағы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры; |
2. | Бектаева Жанар
Алибековна |
Ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары; |
3. | Рысбай Исамудин
Наштайұлы |
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы; |
4. | Ташқараев Ғани
Абдуғаниұлы |
Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы; |
5. | Мирсеева Диана Руслановна |
Ішкі саясат және дін істері басқармасының бас маманы; |
6. | Подвиг Александрь Юрьевич | «Соотечественник» қоғамдық бірлестігінің төрағасы; |
7. | Ешимбетов Оразбек
Алимкулулы |
«Шымкент күрделі Құрылыс» ЖШС-нің бас директорының орынбасары; |
8. | Қарабеков Ғани
Ажединович |
«Манкент» шипажайы АҚ бас директорының орынбасары; |
9. | Капбарова Айгүль
Жарылкасыновна |
«Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-нің директоры, бас редакторы, «Қазақстан журналистер одағы» Шымкент қалалық филиалының төрайымы; |
10. | Ордабаева Бану
Сансызбаевна |
«Ару аналар» көпбалалы аналар Қоғамдық бірлестігінің төрайымы; |
11. | Вербицкий Игорь
Владимирович |
Орыс драма театрының көркемдік жетекшісі; |
12. | Аюпов Рашид Абатуллаевич | «SHYMKENT» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы; |
13. | Кожамжарова
Дариякуль Пернешовна |
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры; |
14. | Базарқұлов
Мұрат Серікбайұлы |
Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы; |
15. | Бейсенбаев Бактыбай
Кыдырбаевич |
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы; |
16. | Өтеген Жанысбек
Тұрсынәліұлы |
«Дос-Демеу» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы; |
17. | Тулегенов Бекайдар Мусаевич | «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты |
18. | Ажиметов Нуржан
Нурмаханбетович |
«Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің бас директоры |
19. | Билисбеков Жумагали
Даулетбекович |
«Шымкент қаласының Азаматтық Альянс» президенті; |
20. | Тәңірбергенов
Нұрдәулет |
Жастар Ресурстық орталығының директоры; |
21. | Бакиров Нурлан Камшибекович | «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайрымдылық қорының Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі филиал төрағасы |
22. | Төлтебай Жарқынбек
Қастайұлы |
«Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының директоры |
23. | Орманов Бектай
Нуртаевич |
«Нұр-Әлем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
24. | Хашимжанов Икрам
Акрамович |
Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры |
25. | Козбахов Шынгыс
Лесбаевич |
Шымкент қаласы мәслихатының депутаты |
26. | Домбай Абылай
Абдужаппарулы |
«№1 қалалық клиниканың аурухана» МКК-ның бас дәрігері |
27. | Джаксыкулов
Бахытжан Ержанович |
«Шымкент қаласы Л.Тәжиева атындағы №4 балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры |