AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру және денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесте Инклюзивті білім беру мәселесі қаралды. Кеңес отырысына партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі, Шымкент қаласы Мәслихатының депутаты Бекайдар Тулегенов және партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Муратали Калмуратов қатысты.
Аталған мәселе бойынша Шымкент Қаласының Білім Басқармасының Әдістемелік Орталығының Инклюзивті білім беру бөлімінің жетекшісі Жанна Утесинова кеңес мүшелеріне ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісі жайлы ақпараттық есебін берді.
Инклюзивті білім беру мәселесі кеңес мүшелері тарапынан қызу талқыға түсіп, сонымен қатар кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
26.04.2022
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ