Бүгін 25 маусым күні Шымкент қаласы мәслихатының Жергілікті өзін-өзі басқару және заңдылықты сақтау комиссиясының онлайн режимді мәжілісі болып өтті. Депутаттар мәжілісте күн тәртібіндегі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы 17 мәселені қарады.
Жиында Шымкент қаласы әкімдігінің құрылысы мен Бас жоспарды дамыту мақсатында мемлекеттік қажеттіліктерге арналған жер телімдерін алу жөнінде Шымкент қаласы жер қатынастар басқармасының басшысы Б. Әшірбеков баяндама жасады.
Жеке меншік иелерінен алынған жер телімдері Шымкент қаласы мұнай құбырының санитарлы-қорғау аймағында және қоғамдық сервитутта орналасқан аумағына түсуіне, жол құрылысы аумағына түсуіне байланысты мемлекет мұқтажына қайтарылды. Сонымен қатар, сатып алынған жер телімдеріне әуежай жолы, балалар ойнайтын алаңша мен Бозарық жолы және Қонаев даңғылының жолы салынатын болады.
Шымкент қаласы жер қатынастар басқармасы тарапынан жер учаскелері тәуелсіз бағалау компаниялары арқылы бағаланып, меншік иелерімен барлық келіссөздер қолданыстағы заңына сәйкес жүргізіліп, келісімдер алынды.
Белгіленген жоспар бойынша қаланың әртүрлі аумағындағы 63 жер телімдері алынады.