Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласы әкімдігінен келіп түскен қаладағы атауы жоқ 1 шағын аудан және 352 көшеге атау беру бойынша ұсыныстар қаралды. Шымкент қаласы бойынша шағынаудан және көше атауларын Мәдениет,тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Эльдар Темірханұлы таныстырды.
Тұрақты комиссия мүшелері аталған атауларды мұқият тыңдап, нәтижесінде 5 көшенің атауын қайта қарап,оларды өзгерту туралы пікір білдірді.
Атау беру бойынша көпшілік тыңдау мәслихаттың тұрақты комиссиясының ұйымдастыруымен 30 қазан күні сағат 16-00 де Шымкент қаласы «Көрме» орталығында өтеді.