02.03.2020 жылы Шымкент қаласы мәслихатының Депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі және Экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өтіп, алтыншы шақылырған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс екінші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Комиссия отырысында ең алдымен «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласының мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №58/495-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша, 2020 жылғы қала бюджетінің атқарылуына талдау жүргізіліп, кірістердің жоспарына ішінара өзгерістер енгізу мәселесін қарады. Ағымдағы жылдың
24 қаңтарындағы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет шығыстарын қайта қарап, бір қатар бағыттарды қысқарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, бюджет шығыстарына талдау жасалынып,тиімсіз бюджет шығыстары қысқартылып, оның ішінде кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау (жан басына шаққандағы қаржыландыруды жеке меншік мектептерге өткізуге байланысты) нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтару үшін 11млрд 344 млн 246 мың теңге қайтарылып, бірінші кезектегі шығыстарға қосымша қаржылар қаралуда. Осыған байланысты қала әкімдігі республикалық маңызы бар қаланы дамыту бағытына жұмсалатын қаржы көлемін 8 млрд 900 млн теңгеге ұлғайтуды ұсынды.
Одан бөлек, отырыста Шымкент қаласының аумағында мәдениет, дене тәрбиесін дамыту және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырылу барысы туралы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының қызмет тиімділігін арттыру жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы және жоспарланған шаралары туралы, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы туралы, «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» және «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» сонымен қатар, Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 тамыздағы «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихат шешіміне өзгеріс енгізу туралы,«Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау қағидасын» бекіту мен Шымкент қаласы мәслихатының Грамотасы туралы ережені бекіту туралы мәселелер талқыланып, сондай-ақ, тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының, қала мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараевтың және қала мәслихаты тұрақты комиссияларының 2019 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиын соңында халық қалаулылары алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс үшінші сессиясының төрағасын сайлау тәртібіне сәйкес ұсыныстар жасады.
Шымкент қаласы мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері жөніндегі және Экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары қала әкімдігінің ұсынысын бірауыздан мақұлдап, қала мәслихаттың кезекті 62-сессиясының күн тәртібіндегі мәселелері бойынша шешім жобасын сессияға шығаруға бірауыздан келісілді.