Сонымен қатар, қабылдауда Шымкент қаласы, Самал-2 шағынауданының тұрғындары жол мәселесін көтерді. Олар аталған аудандағы 600 ге жуық үйі бар Ермеков көшесіне асфальт төсеуді сұрады. Қабылдауға қатысқан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы Қайрат Баймендиев, Ермеков көшесіне асфальт төсеуге биыл қаржы бөлініп, қазір сатып алу конкурсы жүріп жатқанын мәлімдеді.Бас маманның айтуынша, бұл ұзындығы екі шақырымға созылған көшеге орталық кәріз жүйесі жүргізілген. Бірақ тұрғындар толығымен кәріз жүйесіне қосылмай көшеге асфальт төселмейтінін қоса айтты. Осыған байланысты, басқарма мамандары апта соңында халықпен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болды. Бұл мәселе мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев пен 1-округ депутатты Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызының бақылауында болады.
13.02.2020
Мәслихат хатшысының жеке қабылдауы өтті.
2020 жылдың 6-ақпанында Шымкент қаласы, Нұрсат шағынауданындағы Астана даңғылында орналасқан 88 үйдің тұрғындары коммуналшылардың үстінен арыз түсірген. Жалдамалы пәтерде тұратын көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар өз арызында су, қоқыс пен лифтке төлейтін коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай әбігерге түсіп жүргенін айтып шағымданған.
Осыған байланысты, 13 ақпан күні Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев Тұрғын үй басқармасы мен жоғарыда көрсетілген мәселеге қатысты жауапты мамандарды, қызмет көрсетіп жүрген мекеме жұмысшыларының басын қосып, мәселенің шешу жолын қарастырды. Анықтай келе, Тұрғын үй басқармасына қарасты көпқабатты үйдің лифтін күтіп ұстауға «Лифт Строй Шымкент» ЖШС жауапты болған.Тұрғындармен өзара келісім жасаған мекеме пайдаланған қызметтің түбіртегін тұрғындарға уақытылы бермеуіне байланысты бірнеше айдың төлемі жиналып қалған. Ал тұрғындар үшін жиналып қалған қарызды бірден төлеу қиынға түскен. Нәтижесінде лифт қолданушы мен қызмет көрсетуші арасында құқықтар мен міндеттемелерді сақтай отырып, келісім-шартты қайта дұрыс жасауға келісті. Сонымен қатар, жиында көпқабатты үйдің ауыз-су мәселесіне де нүкте қойылды. Депутаттардың және «Су Ресурстық- Маркетинг» ЖШС-нің ықпалымен үйдің су өлшеу құралдары толықтай жаңартылды. Сондай-ақ, қоқыс жинау қызметінің ақысына байланысты шағымданған тұрғындар мен тазалыққа жауапты мекеменің жұмысшылары арасында да өзара келісім жасалып, мекеме өз тарапынан түзілген келісім-шарттың заңдылығын сақтайтынын жеткізді.