18.01.2018
Мәслихат хатшысы Шымкент қаласы ІІД бастығының халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауының бір бағыты ретінде құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіруді тапсырғандығын баяндай отырып, осы жолдауды жүзеге асыру мақсатында Полиция департаментінің қазіргі таңдағы ахуалы мен қазіргі кездегі қаламыздағы қылмыстық ахуал және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Есепті кездесуде Ерлан Мұсаәліұлы Полицияға қатысты тұрғындардың қойған сұрақтарын тыңдап, жауап берді. Сонымен қатар, жазбаша түрде ұсынылған арыздарды қабыл алды.

Аталған есеп беру жиынына мәслихат хатшысы Ғани Әбдіғаниұлы Ташқараев қатысып, өз кезегінде сөз сөйлеп, көше жарығы, бейнебақылау орнату туралы шағым айтқан тұрғындардың мәселесін өз бақылауына алатынын жеткізді.
Жиын барысында Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар қылмыстардың алдын алу, жолын кесу, олардың ізін суытпай ашуға үлес қосқан азаматтар ІІД басшылығы тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.