15.08.2018
Мәслихат депутаты Нұрмаханов Ерболат «Мінбер» атты ток шоуға қатысты
2018 жылдың 15 тамыз күні Шымкент қаласының мәслихат депутаты, әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Нұрмаханов Ерболат Жақыпұлының қатысуымен білім беру жүйесі аясында, «Оңтүстік» телеарнасында «Мінбер» атты ток шоудың маусымдық тұсаукесер бағдарламасының түсірілімі өтті. Оған қаламыздың бірқатар мектеп ұстаздары, оқушылар және ата-аналар қатысып, онда білім саласына байланысты көптеген мәселелер көтерілді. Бағдарлама өте әсерлі және мәнді-мағыналы өтті.