2020 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс елу тоғызыншы сессиясында Мұрат Дүйсенбекұлы Айтенов мегаполис әкімі болып тағайындалды.
Жаңа әкімді қала активіне таныстыра отырып, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Е. Қошанов Президенттің Шымкент қаласын дамыту жөніндегі бірқатар міндеттерін атап өтті. Осы күнге дейін М. Айтенов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы туған, С. М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін және М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы-инженер, заңгер.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасында және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
05.02.2020
Мұрат Айтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды