03.06.2022
«Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильм
Шымкент қаласында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті, режиссер Ақан Сатаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып түсірілген «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсауакесері өтті. Аталған іс-шараға Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы, қоюшы режиссер, тарихи-көркем фильмінің басты кейіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Тарихи туындының мән-мағынасы кеңінен әңгімеленген іс-шарада мәслихат хатшысы алдағы республикалық референдум жайлы сөз қозғады. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы түсіндірме жұмысын жүргізген мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысушыларды ел тарихы үшін маңызды науқанға белсене атсалысуға шақырды.






