16.11.2021
ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ
Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысы болып өтті. Тұрақты комисся отырысын Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы төрағалық етті. Бірлескен отырыста депутаттар күн тәртібіндегі екі мәселені талқылады.
Олар:
1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
2. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына қайта ұсынатынын жеткізді.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі