Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік – мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия отырысы болып өтті. Тұрақты комиссия «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жұмысын бастап, төрағалық етуші Төреайым Жолдыбайқызы күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді негізге алып жүргізіп отырды. Күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылған, олар:
- Денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы.
- Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және жұмыспен қамту шаралары туралы.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі ұсынылған мәселелер бойынша баяндамаларын тыңдап, жіті тоқталып жауапты сала басшыларына сауалдарын жолдады.
Бірінші мәселе бойынша – Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Тілеуов Ғалымжан саласы бойынша жасаған баяндамасы төңірегінде, халық қалаулылары тарапынан қойылған сауалдарға толыққанды жауап бере алмағандықтан бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысына ұсынылып, қайта баяндама жасалу керектігі алға тартылды.
Ал екінші мәселе бойынша – Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Нарбекова Балмаржан баяндамасы тыңдалып, комиссия тарапынан тиісінше сауалдар мен қосымша ұсыныстар енгізіліп, бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысының қарауына ұсынылды.