01.03.2019
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін өткен «Нұр Отан» партиясының 18 съезі Қазақстан өз дамуында жаңа белді белеске қадам басқандығын аңғартты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетіндігін мәлімдеді.
Қатардағы қазақстандық отбасылар Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісін көріп отыр деп нақты айта аламын. Мемлекет азаматтарымыз үшін барлық жағдайды жасап, қолайлы орта қалыптастыруға аянып жатқан жоқ.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы, әрбір қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін бүгіннен бастап көруі тиіс деді.
Бұл бағытта аз қамтамсыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің көлем критерийін өмір сүру шегі көлемінің 70 пайызына жеткізу тапсырылды. Яғни, оның көлемі биыл 20789 теңгені құрамақ.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20789 теңге көлеміндегі төлемдер жүргізілмек.
Оған қоса атаулы әлеуметтік көмек тағайындау процедуралары мейлінше жеңілдетіліп, проактивті форматқа көшірілмек. Осылайша 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар саны 830 мың адамды құрайтын болады, оның ішінде 550 мыңға жуығы – балалар.
Мүгедек балалары бар ата-аналарға, отбасыларға, асырап алушыларға төленетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға артпақ.
Бұл қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдаудың теңдессіз тәжірибесі деп білемін. Бұл бастамалар әрбір отбасыны қуанышқа бөлеп, болашағына нақты сеніммен, үлкен үмітпен қарауына негіз болары анық.
Халық Елбасының туған халқына жасап отырған шапағатын жоғары бағалайды және табыстарымызды одан әрі еселей түсуге бір кісідей жұмылады деп сенемін.