Бүгін жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша комиссия төрағаларының бірлескен мәжілісі болып өтті. Шымкент қаласы мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов төрағалық еткен жиын онлайн трансляцияда өтті. Депутаттар мен басқарма басшылары күн тәртібіндегі он алты мәселені талқылады.
Яғни, 2021-2023 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту, Шымкент қаласында цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстарының жоспары, Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары, қаладағы шеткі аймақтарды инженерлік-инфрақұрылымдық қамту жағдайы туралы, Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау туралы, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамына өзгерістер енгізу туралы бір қатар мәселелелер талқыланып, басқарма басшыларының есебі тыңалды. Жиында бір қатар бағыттардағы бюджет мәселесіне талдау жасалынып, депутаттық сауалдарға жауаптар алынды. Ал күн тәртібіне қойылған өзге де мәселелер бір ауыздан қолдау тапты.
Талқыланған барлық мәселенің шешімі 18 наурыз 2021 жылғы жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті үшінші сессиясында қаралатын болады.
17.03.2021
КЕЗЕКТІ ҮШІНШІ СЕССИЯ АЛДЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН МӘЖІЛІС