Тұрақты комиссия отырысын комиссия төрайымы – Наимбекова Айжан Избасханқызы ашып, күн тәртібіне ұсынылған төрт мәселені талқылады.
Олар:
1. Цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы.
2. Шымкент қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемесін бекіту туралы;
3. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы №47/381-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 27 шілдедегі №35/282-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жиынға қала әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысып, аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалып тиісті сауалдар қойылды. Өз кезегінде депутаттар тиісті сала басшыларымен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша шешім жобасын бірлескен тұрақты комиссия қарауына ұсынды.