17.11.2021
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БОЛДЫ
Тұрақты комиссия отырысына Төлегенов Ноян Назарұлы төрағалық етті. Бірлескен отырыста депутаттар күн тәртібіндегі екі мәселені талқылады.
Олар:
1. 2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы.
2. Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалу барысы туралы.
Жиынға қала әкімдігінің тиісті басқарма басшылары қатысты. Аталған мәселелер бойынша басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар жолдап, шешім жобасын тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қарауына қайта ұсынатынын айтты.
Шымкент қаласы мәслихатының баспасөз қызметі