17.02.2020
Халық үніне құлақ асатын мемлекет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 14 ақпан күні Шымкент қаласының әкімі азаматтарды қабылдады.
Осы тұжырымдама негізінде қала әкімі елуге жуық тұрғынның мәселесін тыңдады. Қабылдауға қала әкімінен бөлек қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев, тұрақты комиссия төрағалары мен депутаттар қатысты.
Қабылдауға келген азаматтардың көпшілігі баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу, балабақша кезегіне тұру, жер телімдерін заңдастыру, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша мәселе көтерді. 


