Жалпы ауданға қарасты Абдулабад, Тұрдыабад, Базарқақпа, Бадам-1 және Шаңырақ бес тұрғын алабында 21000 астам адам тұрады. Білімі мен тәжірибесін ел игілігіне барынша тиімді пайдаланып жүрген халық қалаулысы бұл елдімекен жұртшылығының түйткілді мәселелерін шешуде әрдайым белсенділік танытып келеді.. Мәселен, қала аумағына енген елдімекендегі тұрғындардың жылжымайтын мүлкін заңдастыруға және әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы мәселесін шешуге қол ұшын созды. Елтай, Тоғыс, Маятас, Айнатас, Жыланбұзған елдімекендері тұрғындарының ауызсуға қол жеткізуіне ықпал етті. Қазір оның түрткі болуымен мұндай жұмыстар Тұрдыабад пен Абдулабад тұрғын алабтарында жалғасуда. Сондай-ақ Бадам су қоймасы маңында демалыс аймағын ашылуына атсалысып, «Елтай» тұрғын алабындағы тозығы жеткен көпірді қалпына келтіру жұмысына демеушілік жасап, қатынас жолының ұзақтығын 3 есеге қысқартты.
27.01.2018
Халық қалаулысы Тамабаев Марат Сәрсекұлы Еңбекші ауданының «Қаратөбе» аумағындағы тұрғындарымен кездесті
Кездесу 2019 жылы 20 ақпан күні «Базарқақпа» массивінің №104 орта мектебінің акт залында өтті. Оған Қаратөбе аумағының тұрғындарымен жұмыс жасау бөлімінің бастығы Самат Жүнісбаев, қалалық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының бас маманы Сұлтан Мұратов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Баймендиев қатысты.
Жиында депутат алдымен өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы баяндама жасады. Марат Сәрсекұлының мәліметінше, аудан көлемінде жоспарланған жұмыс өз деңгейінде атқарылуда.
Бүгінде халық қалаулысы Марат Сәрсекұлының ықпалымен Тұрдыабад, Абдулабад, Базарқақпа тұрғын алабтарындағы су құбырының құрылысына қаржы бөлінді. Электр энергиясы мәселесі де біртіндеп шешіліп келеді. Халықтың тілектеріне сәйкес және балалардың санын ескере отырып,Шаңырақ массивінде жаңа мектеп салынды. Сондай – ақ, қазір апатты жағдайда тұрған ескі клуб орнына жаңа мәдениет сарайының құрылысы жоспарланған.
Сонымен қатар, тұрғындардың коммуналдық мәселелерін ескере қалалық билік 2020 жылға дейін барлық елді мекендерде электрлендіру, газдандыру, су құбыры мен кәріз жүргізу бойынша жоспар әзірлегенін жеткізді. Алдағы уақытта аялдамалар, бағдаршамдар, жаяу жүргіншілер өткелдері,көпқабатты үйлердің жанына балалар алаңшасын салу жоспары бар.
Халық қалаулысының баяндамасынан кейін сөзге шыққан ауыл ақсақалдары ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді.