Қайырымдылық және демеушілік шараларына белсенді түрде атсалысып жүрген Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мурад Анарбекұлы тұрғындармен жүздесті.Кездесу 2019 жылдың 22 ақпанында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің конференция залында өтті.
Жиында Абай ауданы №05 сайлау округінің депутаты ең алдымен сайлаушыларына 2018 жылы атқарылған бірқатар жұмыстарын баяндады.
Атап айтар болсақ, депутат 2018 жылды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халыққа арнаған мақаласына орай, қаламыздағы Абай ауданының әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына жәрдем беруден бастады.
Мәселен, қаламыздағы Абай ауданының тұрғындарына яғни, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларына материалдық көмек көрсетіп, қөп қабатты тұрғын үйлердің ауласының жарық орнатып, балалар ойнайтын нысандарды жөндетті. Қаламыздағы №5, .№21 ЖОМ-нің алдына оқушылар демалатын шатыры мен орындықтары жөнделді. «Жүрегім толы – мейірім», «Жақсылықтан үміт етсең – сабыр ет» атты іс-шаралар ұйымдастырып №26 гимназия мектебіндегі және №33 ЖОМ-нің аз қамтылған отбасы оқушыларын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
«Талабыңа нұр жаусын» атты шара аясында қаламыздағы саз мектебінің оқушыларына Астана қаласында өтетін байқауға қатысу үшін поезға билет алып берді. «Спорт-сергектік пен әдеміліктің сенімді белгісі» атты шара барысында №3 кәсіптік білім беру мектебіне спорттық инвертарін жаңартуға қаржы бөлінді. «Бақытты балалық шақ» шараны ұйымдастыру барысында
№65 «Балбұлақ» балабақшасына, сонымен қатар балалар үйіне судың сертификаты табыстады.
Жаңаталап елді мекенінің медициналық пунктіне су құбырын жүргізіп, таза ауызсумен қамтамасыз етілді. 3 шағын ауданда орналасқан №3,5,6 үйлердің ауласы көріктендірілді. 1-Мамыр көшесі №2, Ш.Қалдаяқов көшесі №27, Водопьянова көшелеріндегі жарықшамдар қалпына келтірілді. Құрманбеков көшесіндегі жатақхананың сыртқы есіктері ауыстырылды.
Бұдан бөлек «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының бастамасымен 2018 жылы аз қамтылған отбасылар мен жартылай жетім балаларға қайырымдылық көрсету іс-шарасы жүргізілді.
Мүмкіндігі шектеулі азамат Есалиев Мұхтар қол арбасымен қамтылды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батыр аналар, асыраушысы жоқ отбасылар, жалғызбасты әкелелер де мейірімнен тыс қалмай, материалдық көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамассыз етілді. Абай ауданындағы аз қамтылған отбасыларындағы мектеп оқушыларын 2018 жылы жаңа жылдық мерекесіне орай сыйлықтармен қуантты.
Тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштері бойынша өткен жылы қала әкімдігіне ағымдағы жыл 3 депутаттық сауал жолданды.
Олар: 11.12.2017жылы, екінші рет 14.11.2018 жылы Шымкент қаласы Абай ауданы, Абай даңғылы №8 көпқабатты үйді газбен қамтамасыз ету бойынша, 15.11.2018 жылы Гагарин көшесі №81 үй тұрғыны , Н.И.Погодинаның арызы бойынша қала әкімдігіне қарасты энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарамасына,12.12.2018 жылы Т.Әйменов көшесінің №103/1, №103/2, №103/3 үй тұрғындарының арызын қала әкімдігіне қарасты энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарамасына сауалдар жолданды.
Кездесу соңында Урманов Мурат Анарбекұлының 2018 жылғы есебін тындаған тұрғындар, депутатқа ризашылығын білдіріп,алдағы жұмысына сәттілік тіледі.