2016 жылдың 1 мен 7 қараша аралығында Шымкент қалалық мәслихатының жүлдесіне арналған 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы футболдан халықаралық жарыс өтті.
2016 жылдың 2 қараша күні сағат 12.00-деашылу салтанатына Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, қалалық мәслихат депутатары, спорт ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров қатысушыларға сәттілік, жақсы ойындар тілеп, команда жетекшілеріне алғыстарын білдірді.
Турнирге 2 топқа бөлінген 26 команда қатысты.
Атап айтқанда:
А-1 тобы 2005 жылы туылғандар: «Арсенал» (Алматы қаласы), Қызылорда, ОСДЮСШОР – 2005 (Шымкент қаласы), ФК «Монтажник» (Тараз қаласы), ОСДЮСШОР (Ақтөбе қаласы), «Ордабасы-2005» (Шымкент қаласы).
А-2 тобы 2004 жылы туылғандар: «Спартак» (Ташкент қаласы), «Ордабасы-2004» (Шымкент қаласы), «Алтай» (Семипалатинск қаласы), Арыс, «ЭМБА» (Ақтөбе қаласы), Екібастұз.
Б-1 тобы 2004 жылы туылғандар:ОСДЮШОР №5 (Тараз қаласы), ОСДЮСШОР-2004 (Шымкент қаласы),ОСДЮСШОР (Ақтөбе қаласы),ФК «Шахтер» (Қарағанды қаласы), Ақсукент, ДЮСШ (Қызылорда қаласы).
Б-2 тобы 2005 жылы туылғандар: «Арыстан» (Алматы қаласы), «Қайсар» (Қызылорда қаласы),№7 ММ ШҚ ОСДЮСШОР (Шымкент қаласы),ФК «Бунедкор» (Ташкент қаласы), ОСДЮСШОР (Астана қаласы),ФЦ (Атырау қаласы).
2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы өткізілген ойында 1 орынға Шымкент қаласы ОСДЮСШОР-2004, 2 орынға Шымкент қаласы ОСДЮСШОР – 2005, 3 орынға Шымкент қаласы «Ордабасы-2004», 4 орынға Атырау қаласы ФЦ командалары ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар және турнирге қатысқан барлық командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.