18.06.2022
ДОНОР БОЛ
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қаладағы қан орталығына барып, бiрiнші болып «Өзгеге өмір сыйла» акциясы аясында қан тапсырды.
Бұл игі іс қала күні және медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында арнайы ұйымдастырылған.
Донор болған мәслихат хатшысы қан тапсыру – әрбір адамның азаматтық парызы екенін айтып, ақ халатты абзал жандар мен қала тұрғындарын қос мерекемен құттықтады.
Аталған акция денсаулық сақтау мен Iшкi саясат және дін істері басқармаларының ұйымдастыруымен жасалған шара кешкi сағат 18:00 дейін жалғасатын болады.




