2019 жылдың 19 ақпанында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Бұхарбаев Нұрғазы Бақтыбайұлы мен Құрманбекова Гүлнәр Мамытқызы №25, №28 округінің сайлаушылармен кездесті. Жиын Ә.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектебінде өтті.
Кездесу барысында халық қалаулылары бірден сұрақ-жауапқа көшіп, округ тұрғындарынан бiрталай мәселенiң анық-қанығына көз жеткізді. Жалпы сұрақтардың басым бөлігі коммуналдық шаруашылық пен абаттандыру болса, Молдағұлова №44 -28 үй тұрғындары көпқабатты үйдің маңындағы автотұрақты көшіруді өтінді. Айтуынша,автотұрақ балалардың аулада ойнауына, жүруіне кедергісін тигізіп отыр. Сондай-ақ, жарым жанды балалардың қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігін қарастыруды сұранып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды.
Жиналыста Ю.Гагарин көшесі №42 үйдің және Ш.Қалдаяқов көшесі №9 үйдің ауласын абаттандыру, Исмаилов және Павлов көшелеріне аялдама салу, Сәуле ықшам ауданынан келген бір топ көпбалалы аналар пәтер мәселесін көтерді. Сонымен қатар үй төрайымдары №29 мектептің жанындағы «Жаңалық» дүкені құймалы спиртті ішімдік сатылатынына наразы екенін жеткізді.
Ал «Көмеш бұлақ» базарының маңында көлік қоюға тыйым салынған жерге такси жүргізушілері автотұрақ орнатып, тіпті үй ауласына қойып кететін бөтен көліктер халықтың жүріп –тұруына кедергі келтіретінін айтты.Одан қалса, базар айналасындағы қаңғыбас иттер мен маскүнемдердің айқай-шуынан мезі болдық дейді жиналған жұрт. Бұл мәселелер бойынша бірнеше рет учаскелік полиция қызметкеріне арызданғанда екен. Бірақ нәтиже болмапты.Енді шағын аудан тұрғындары Серғазы Сералиев есімді полиция майорын учаскелік полиция қызметіне келуін сұранып отыр.
Тұрғындардың шағымдарын мұқият тыңдаған депутаттар айтылған барлық мәселе бойынша жауапты мекемелерге депутаттық сауал жолдап, оң шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесіне байланысты әкімдікте арнайы комиссия құрылып, мәселе жан-жақты қарастырылатынын да айтты.
Сөз соңында №25, №28 округке қарасты тұрғындар депутаттардың атқарып жатқан жұмыстарына оң баға беріп, алғысын білдірді.