3 қараша күні Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары «Диспечерлік қызмет орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне барып, жолаушылар көлігі саласындағы соңғы жетістіктерімен танысты. Мамандар халық қалаулыларын атқарып жатқан шаруалармен таныстыру барысында, жаңалықтардың аз емес екенін атап өтті. Бүгінде «Төлем» электрондық картасын енгізудің толықтай жүзеге асып болғанын, алдағы уақытта аталған төлем картасының қолдану көкжиегін кеңейте түсуді көздеп отырғанын айтты.
«Қазірдің өзінде 300 сауда нүкте арқылы 30 мың карта сатылды. «Төлем» карталарын толтыру үшін қосымша «Каспий КЗ» және «Касса 24» терминалдарын пайдалануға болады.
CALL-орталығынан 4 оператор күніне 70-120 түскен қонырауларға жауап береді. Әлеуметтік желілер арқылы түсетін сұрақтарға, комментарийларға жауап беру үшін 10 адам жұмылдырылды.
Осы күнге дейін жеңілдіктермен жүретін 950 азаматтан өтініш алынды.
Қала мектептеріне төлем карталарына тапсырыс берілген соң, карталар дайындалатын болады» , – дейді «QazSmartTrans» ЖШС директоры С. Акилбаев .
Сонымен қатар, Шымкент қаласында 74 бағытта 24 көлік компаниясы жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді, оның 63 автобус, 11 шағын автобус бағыттары. Қалада күнделікті 1047 кесте бойынша 1283 автобус жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетеді. Сондай-ақ, облысаралық қалааралық бағыттарға 8 тасымалдаушы 12 бағытта 46 кестемен тасымалдау қызметін көрсетеді.
Мамандардың мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда бағыттардағы 1283 автокөліктің 440 көлігі пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан, тозығы жеткен көліктер.
ҚР Үкіметі бекіткен «Автобустық тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешендік бағдарламаcы» негізінде, 2019 жылы «Shymkent» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орта сиымдылықты, дизель отынымен жүретін (Евро V), отандық 300 автобусты лизингке алынып, автобустар «Shymkent Bus» ЖШС-не жалға берілді.
Биыл сиымдылығы үлкен (10-12 метр), газ отынымен жүретін отандық 590 автобус алынып, нәтижесінде қала маршрутында жаңа автобустардың үлесі 25%-дан 69%-ға артты.