29.03.2021
ДЕПУТАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкент қаласы мәслихатының мәжіліс залында ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ташқараев Ғани Әбдіғаниұлы арнайы іс сапармен келіп, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мәслихаттарының Құрметті депутаты» атағығымен
Сатқанбаев Еркін Тұрниязұлы, Сәрсенов Хайрулла Амантайұлы, Ахметбаев Ғани Молдабекұлы арнайы төс белгімен марапатталды.