7 желтоқсан күні Шымкент қаласы мәслихатының экономикалық даму мәселелері және депутаттық өкілеттік, этика, әкімшілік- аумақтық құрылым жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.
Кезекті 42 сессия алдындағы комиссия отырысына Шымкент каласының маслихат хатшысы Ғани Ташқараев және қала мәслихаты депутаттары, аудан әкімдері, басқарма басшылары катысты. Халық қалаулысы Н.Бұхарбаев мәжіліске төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Шымкент қаласының 2019- 2021жылдарға арналған бюджетін бекіту болды. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы және ветеринария, құрылыс басқармаларының атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.Отырыста күн тәртібіндегі мәселелер қызу талқыға түсіп, депутаттар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Сондай- ақ, өңірдің тыныс- тіршілігімен етене таныс депутаттар, халықтың көкейінде жүрген сауалдарды да осы жиында қозғады.Мәжіліс соңында депутаттар басқарма басшыларына толық ақпарат дайындап, келесі тұрақты комиссияның бірлескен отырысына нақты жауаптармен келуді тапсырды.