01.10.2020
Депутаттар ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады
Дана халқымызда «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» деген ұлағатты сөз бар. Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты. Бүкіл өмірін еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен ардагерлерге құрмет көрсету біздің міндетіміз әрі парызымыз.
Осы мақсатта, 1 қазан Қарттар күніне орай халық қалаулысы Гүлнәр Құрманбекова бір топ ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, Шымкент мәслихаты депутаттарының және қала әкімінің құттықтауын жеткізді. Депутат ардагерлерді мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.