«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 21-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес. Әрбір депутат өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыста болуға, жылына кемінде бір рет оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы хабардар етуге, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысуға тиіс.
Осы заңды орындай отырып, Шымкент қаласының депутаты Талғат Әмірбеков 21 ақпан күні ш / а-дағы өз округтерінің сайлаушыларымен кездесті. Бозарық№ 131 ОМ.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы Төрағасының Қаратау ауданы бойынша бірінші орынбасары А. Р. Иманқұлов, «жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» өкілі Б. Батырғанов, VI шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Әмірбеков Талғат Әмірбекұлы және Бозарық шағынауданындағы барлық көшелерде барлығы 30 адам қатысты.
Сонымен қатар, кездесу барысында бірқатар азаматтар өз пікірлерін айтып, ұсыныс жасады. Сондай-ақ, азаматтардың айтқан сұрақтары қоғамдық көлік проблемаларынан бастап, осы шағын ауданға қатысты көптеген мәселелер көтерілді.
Кездесу жемісті және барлығына пайдалы болды.Есеп беру кездесуінде депутат 10-нан астам сұраққа жауап берді. Кездесуде көтерілген бірқатар мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды, басқа да ескертулер мен ұсыныстар одан әрі іске асыру мақсатында бақылауға алынды. Жалпы, №6 округ тұрғындары депутаттың жұмысына оң баға берді.


