26.02.2020
Депутат Төреайым Жолдыбайқызы сайлаушылармен кездесті
Кездесу 2020 жылдың 26 ақпанында Шымкент қаласы Тажібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясында өтті. Жиында округ тұрғындары өздері тұратын шағынауданға қатысты көптеген мәселелерді көтерді.
Оның ішінде :
- Аулаларды абаттандыру жұмыстарының жуйелі турде өтуі.
- Тазалық пен тәртіптің сақталуы.
- Жарық жуйесі мен қоғамдық көліктердің бағыты мен жүру кестесі,
- Кәріз жуйелері мен жолдардың сапасы талқыға түсті.
Кездесуде көтерілген мәселелерге депутат Төреайым Сұлтанова нақты жауап беріп, кейбір күрделі мәселелері бойынша тиісті басқармаларға сауал жолдайтынын ескертті.
Сондай-ақ, халық қалайлысының қадағалауында болған бірқатар мәселелер, оның ішінде, Түркістан шағынауданында жүргізілген кәріз жүйесі мен көшені жарықтандыру жұмыстары өз мерзімінде аяқталып, іске қосылғаны үшін тұрғындар алғысын білдірді.
Жазушылар одағының ардагері Есенбеков Батырхан көп балалы аналарға қолдай білдіріп, Төреайым Жолдыбайқызының көрсетіп жүрген көмектері мен қаланың дамуы жолында қосып жүрген үлестері үшін ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жаудырды.
Сонымен қатар, депутат көпшілікке коронавирустан сақтану жолдарын түсіндірді. Кездесуге жиналғандар халық қалаулысының еңбегіне оң бағасын беріп, депутатқа сенімді екендерін жеткізді.