12.02.2020
Депутат Гүлнар Құрманбекова өз сайлаушыларымен кездесті
2020 жылдың 12 ақпанында Космодемьянская атындағы №23 лицей – мектебінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Гүлнәр Құрманбекова сайлаушылармен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулылары бірден сұрақ-жауапқа көшіп, округ тұрғындарынан бiрталай мәселенiң анық-қанығын білді. Жалпы сұрақтардың басым бөлігі №23 мектептің мәселелері және ауданның абаттандыру саласына қатысты болды. Мәселен Қызыл жар м/а, Шардара көшесін асфальт жол салынуын. №23 мектептің директоры №23 мектептің ауласынан тұрғындар өздігінен өткінші жол етіп күндіз- түні өтетіп, сонымен қоса тұрғындар, жас өспірімдер ауладан өтіп қоймай қоқыс тасталып, жастардың отыратын жерлеріне айналғанын айтты.
Осыған байланысты мектепке қарасты барлық жер телімінің айналасына қоршап, тұрғындар өтетін тратуарды мектептің аумағанынан бөлек жерге салуын қарастыруды сұранды. Сондай ақ, тұрғындар Асқаров пен Байтенов көшелер қиылысына бағдаршам орнатуды өтінді. Аталған қиылыста бағдаршамның жоқтығынан көліктер жылдамдықты асыра жүреді және кешкі уақытта кептеліс орын алады, сондықтан балалардың да жолдан өтуі қиындай түседі деді ата-аналар.
Қазақстан бірлестігінің жетекшісі көп ата-аналар мен мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтардың бір өздері жұмыс жасап жатқан З.Космодемьянская мектебінің атауын қазақтың батырлары немесе ақын еңбегі сінген азаматтардың атына ауыстыруды ұсынды.
Қазақстан бірлестігінің жетекшісі көп ата-аналар мен мұғалімдердің көкейінде жүрген сұрақтардың бір өздері жұмыс жасап жатқан З.Космодемьянская мектебінің атауын қазақтың батырлары немесе ақын еңбегі сінген азаматтардың атына ауыстыруды ұсынды.
8 ш/а тұрғыны Тұрланова №3 үйде орналасқан «Арена» клубына және «Бес бала» қонақүйне келушілер жолды жауып, түнде тұрғындардың мазасын алатынын атап өтті.
Сонымен қатар, тұрғындар бала денсаулығы маңызды екенін атап өтіп мектептерде орналасқан асхана жанындағы балалар қол жуғыштарды жылусудың жоқтығын айтты, осы мәселені қарастырып шешуді сұранды.
Халық қалаулысы өз кезегінде айтылған шағымдар мен ұсыныстардың шешу жолын қарастырып, жиында көтерілген күрделі мәселелер бойынша тиісті басқармаларға сауал жолдайтынын айтты. Сайлаушылар Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Гүлнәр Мамытқызына осы күнге дейін атқарған көптеген жұмыстарына және тұрғындарға жасаған көмегі үшін алғысын білдіріп, халық қалаулысына сенім білдіретіндерін жеткізді.



