15.01.2019
Депутат Ерлан Омаров баспана мәселесін көтерген тұрғындарға жауап берді
2019 жылдың 15 ақпанында Шымкент қаласы, Менделеев көшесі, 23 «А» мекен-жайы бойынша қала мәслихатының депутаты Омаров Ерлан Мамырайқанұлы сайлаушылармен кездесті.
Кездесуге жиналған жұрт халық қалаулысына көкейде жүрген сауалдарын қойып, коммуналдық шаруашылық пен абаттандыру бойынша өтініштерін айтты. Сонымен қатар жиын барысында түзеу мекемесінен жазасын өтеп шыққандар жұмысқа орналасуда қиындық туындағанын айтып шағымданса, көпбалалы аналарды тұрғын үй мәселесі мазалады. Халық қалаулысы Ерлан Мамырайқанұлы тұрғындардың арыз-шағымын мұқият тыңдап, бұл мәселелерді шешу үшін тиісті орындарға хат жолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ, 7-20-25 мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.