28.02.2020
Депутат Бахадыр Салимовтың есепті кездесуі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 21-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес. Әрбір депутат өз округінің сайлаушыларымен тұрақты байланыста болуға, жылына кемінде бір рет оларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының қызметі, мәслихат шешімдерінің орындалуы туралы, сондай-ақ өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы хабардар етуге, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысуға тиіс. Бұл заңды орындай отырып, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Бахадыр Салимов 2020 жылдың 28 ақпанында өз округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге «Nur Otan» партиясы төрағасының Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша бірінші орынбасары Е. Қ. Бертаев, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Н. Т. Тілеш, «жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» өкілі Ф. Т. Құрбанова, VI шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Б. С. Салимов және Хамза, Тельман, Коммунизм шағынаудандарының 82 жуық тұрғыны қатысты.
№ 42 мектептеХамза Бахадыр Салимов №3 сайлау округінің тұрғындары алдында өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп берді.
Сондай-ақ жиынға қатысушылар соңғы уақытта тұрғындар арасында туындаған мәселелерді және ұсыныстарды талқылады. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып,мәселе жол сапасын жақсартудан басталып осы шағынаудандарға қатысты көптеген сауалдар қозғалды.
Есепті кездесуде депутат бірқатар маңызды сұрақтарға жауап беріп, кейбір мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, айтылған ұсыныстарды одан әрі іске асыру мақсатында депутат бақылауына алынды. Кездесу соңында №3 округтің тұрғындары депутаттың жұмысына оң бағасын берді.


