Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті он бірінші сессияға ұсынылған мәселесі бойынша тұрақты комиссияның мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссияда Елшиева Альбина Балғабайқызы төрағалық етіп, депутаттар күн тәртібіндегі бір мәселе талқыланды.
Ол:
– «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері, аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшылары қатысты. Мәжіліске қатысушылар баяндама жасап, алдағы жылдарға арналған жоспарларымен соған тиісінше керекті қаржыларын бекіту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар айтып, шешім жобасын кезекті он бірінші сессияна дейін өзгертулерді енгізіп, бірлескен отырыста қайта қарау керектігін жеткізді.