06.03.2019
Батыр аналар құрметке бөленді
Бүгін мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай батыр аналарды көктем мерекесімен құттықтады. Еліміздің демографиялық дамуына үлесін қосқан ардақтыларға бала тәрбиелеуде айрықша еңбектері үшін алғыс сезімін білдіріп, зор денсаулық, отбасылық бақыт тіледі. Құрметке бөленген көпбалалы аналар арасында 11 перзентті дүниеге әкелген Әміркүл Қасқабаева, және 8 бала, 40 немере, 18 шөбере тәрбиелеп отырған Ұрқия Досмаилова бар.Зиялылар әр көпбалалы анаға мерекелік сыйлық пен гүл шоқтарын тапсырды.