27.05.2022
«Балғын балалық шақ» атты мерекелік іс-шара
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл- Балалар жылы» деп жариялады. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық- бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өтті. Осы орайда, Шымкент қаласы «AMANAT» партиясы Қаратау ауданына қарасты «Достық» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, №85 жалпы орта мектебінде «Балғын балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға «AMANAT» партиясы Республикалық штаб мүшелері, ҚР Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов, мәслихат хатшысы қалалық штаб мүшесі Бахадыр Нарымбетов, фракция мүшелері Жадыра Таңатарова, Талғат Балтабаев, Қайрат Имашев қатысты.
Мерекелік іс-шарада «AMANAT» партиясының “Бақытты отбасы”, «Кедергісіз келешек» жоба аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жиналған қор лейкемия диагнозы бар ауруға шалдыққан екі баланың ем алуына аударылады.
Мерекелік іс – шарадан соң бастауыш партия ұйымы мүшелерімен референдум жайлы сөз қозғалды. Алдағы өзгерістер жайы кеңінен талқыланды. Халық қалаулысы Берік Бекжанов бастаған депутаттар шара соңында жиынға қатысушыларды рефендумға баруға шақырды.
