20.08.2021
БҮГІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің бүгінгі өткен отырысында жергілікті деңгейде заңдылықты қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстардың ақпараттары туралы Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби және Еңбекші аудандық полиция басқармасы басшылығы жасаған баяндама Қоғамдық кеңес құрамы тарапынан кері қайтарылып, келесі айға қалдырылды.
Кеңес төрағасы Бұхарбай Нұрғазы Бақытбайұлы кеңес отырысына тиісті деңгейінде дайындықсыз келген органның жоғары тұрған орган басшылығына арнайы хат жолдап, ескертпе беруді жөн деп санады.
Бұл ұсыныс кеңес құрамынан қолдау тауып, келесі қыркүйек айында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығын аталған тақырыптарда қайта тыңдауды жоспарға алу бойынша ортақ шешімге келді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру бағытының бірі ретінде өңірлердегі қоғамдық кеңестер тиісті деңгейінде жұмыстар атқарып келеді және ашық пікір айтушы алаң болып табылады.
Осы ашық алаңда айтылған қоғамдық пікірлерді естуші мемлекеттік мекеме басшыларына сенім білдіреміз.



