Жиында күн тәртібіндегі «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6c шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе қаралып, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мүлкеманов Рахымберді баяндама оқыды.
Тұрақты комиссияның отырысында қаралған негізі мәселелер бюджеттен қаржыландыруға байланысты болғандықтан, жұмыспен қамту, қаланың бас жоспары, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері қозғалды. Комиссия мүшелері бір қатар мәселелерді қайта пысықтауды талап етсе, өзге мәселелерді бір ауыздан қолдайтындықтарын айтты. Бюджет жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларының алдағы бірлескен отырысында егжей-тегжейлі талқыланатын болады.
10.03.2021
Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болып өтті