. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада 2020 жылдың соңғы жарты жылдығы мен 2021 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстардың нәтижелері бойынша есеп берді. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жұмысын сынға алған кеңес мүшелері бірқатар ұсыныстар айтып, басқарма басшысы Шинтаев Олжасты сол бағытта жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жолдасов Ержан «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімнің жобасын және тұрғын үй басқармасының басшысы Рысжанов Азамат мәслихаттың «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы нормативті-құқықтық акт жобалары бойынша қоғамдық кеңес мүшелеріне баяндады. Жиында айтылған мәселелер мен ұсыныстар бойынша хаттамалық тапсырмалар берілетін болады.
12.05.2021
Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысында 4 мәселе қаралды