Жиынға шаһар басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен жергілікті атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысып, сессия күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына кандидат ұсынылды. Алдағы уақытта Парламент Сенатын сайлау өткізілетініне байланысты «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры Қаппарова Айгүл Жарылқасынқызының кандидатурасын ұсынды.
Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын 1997 жылы Облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі, «Шымкент Медиа» МКК бас редактордың орынбасары және директоры-бас редакторы қызметін атқарған.
Сонымен қатар, мәжілісте Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау мәселесі қаралды. Тексеру комиссиясының төрағасы Налибаев Нұржан Абдулла осы күнге дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Мемлекеттік басқаруға және әлеуметтік салаға аудит жүргізу бөлімі ұлттық экономиканы мемлекеттік басқару саясатына аудит жүргізу секторының бас консультант – мемлекеттік аудиторы қызметін атқарған, Түркістан облысы Төлеби ауданының тумасы Балықбаев Айтуар Еркінбекұлын ұсынды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №37/291-6с «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы баяндама жасады.
Аталған мәселелердің шешім жобалары алдын ала қала мәслихатындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен және «Nur Otan» фракциясы отырыстарында қаралып, депутаттар бұл ұсыныстарды бірауыздан қабылдады. Сессияға № 3 округтің депутаты Салимов Бахадыр Сатыбалдыұлы төрағалық етті.