Шымкент қаласының мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасы прокуратурасының күніне арналған салтанатты жиында заң қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, бүгінгі Прокуратура Мемлекет басшысы қойған маңызды міндеттерді орындап отырған, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегі екенін атап өтті.
Толағай табыс пен адал еңбек жолында мол жетістіктер тілеген мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, сөз соңында бірқатар прокуратура қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, салтанатты жиында Шымкент қаласы әкімі аппарытының құқық қорғау жүйесі бөлімінің басшысы Нариман Қасымбеков , «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Мәдәліұлы және Түркістан облыстық депутаты Шәріпбек Жамалбекұлы да ізгі тілектерімен Прокуратура ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.
Айта кетейік, 6 желтоқсан 1991 жылы сол кездегі Жоғарғы Кеңестік қаулысымен егеменді республикамыздың Бас Прокурорына бағынышты прокуратура органдарының біртұтас жүйесі құрылды.
Осы күн жаңа тарихта Прокуратура органдарының кәсіби мерекесі күні болып, кеңінен аталып келеді. Қазіргі кезде прокуратура органдары азаматтардың құқықтарын қорғайтын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтайтын мемлекеттік органдар ішінде өзінің орнын тауып,өкілетті міндеттерін атқарып келеді.