18.01.2018
Ғани Ташқараев Еңбекші ауданы Бадам-1,2 , Шанхай ауыл тұрғындарымен кездесті.
Еңбекші ауданына қарасты Бадам-1,2 , Шанхай ауылының ауыл билері мен қариялары Шымкент қаласы мәслихаты хатшысының қабылдауында болып, ауылдарында бірнеше өзекті мәселелердің бар екендігін, оның ішінде 105 мектеп жанындағы ескі ғимаратты жаңарту, мектептің аумағында орналасқан трансформатордың ашық тұруы, тозығы жеткен электр жүйелері, сонымен қатар Бадам каналының қоқысқа толуы мен ауыл ішілік жолдардың жоқтығын жеткізген.

Мәслихат хатшысы Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдерімен бірге аталған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп,қабылдау кезінде айтылған мәселелердің анық-қанығын талқылады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Тұраханов Абай Әбдіманафұлы ақсақалдармен ақылдасып, жол мәселесі берілген кестеге сәйкес шешілетінін мәлімдеді.

Жарықтандыру мен электр жүйелерін қайта құру, сондай-ақ Бадам каналының қоқысқа толу мәселесі бойынша Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Жаманкөз Нурлан Жайнақұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жеке кабылдауына шақырды.

Қорытындылай келе Ғани Әбдіғаниұлы аталған мәселелер мәслихаттың жіті бақылауына алынып, мәселелер алдағы уақытта оң шешім табатынын мәлімдеді.