Сессия отырысында күн тәртібіндегі отыз екі мәселе қаралды. Депутат Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы төрағалық еткен мәжіліске қала әкімі Мұрат Әйтенов пен мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен әкімдік мүшелері қатысты.
Сессияда ең алдымен Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Шаһар басшысы өз есебінде бүкіл әлемде орын алған коронавирус пандемиясымен тұспа- тұс келгеніне байланысты науқастар саны күрт өсіп, медицина саласына жүктеме екі есе артып, мемлекеттік органдарға біршама кедергі келтіргенін айтып өтті. Осыған байланысты, Мұрат Әйтенов қиын жағдайға қарамастан індетпен күресте алғы шепте жүрген медицина саласындағы қызметкерлер мен оларға көмектескен еріктілерге алғысын білдірді. Дегенмен, пандемия әлем экономикасына соққы болып тигенін, оның ішінде экономикасына кері ықпал келтіргенін ескере, қала басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ел экономикасын қайта қалпына келтіру бойынша бекітілген іс-шаралардың жоспарын атап өтті. Аталған іс-шаралардың аясында бірінші кезекте азаматтарды жұмыспен қамтып, олардың табыс табуына көңіл бөлінді. Осыған байланысты жұмыспен қамту 2020 жол картасына енгізуге Республикалық бюджеттен 45,3 млрд теңгеге 8300 жұмыс орны мен 236 жобаға ұсыныс берілді. Төтенше жағдай кезінде табыс кірісін уақытша жоғалтқан 2285 азаматқа 42500 теңгеден, 41 мыңнан астам аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден, 17 мыңнан астам адамдардың коммуналдық төлемдері мемлекеттік бюджеттен өтелді. Одан бөлек қала басшысы қаладағы іске асып жатқан инвестициялық жобалар мен жұмыс орындарының ашылуы, ауылшаруашылығын дамыту, бизнесті қолдау, шалғай аудандарды толықтай ауызсу, газбен қамту, халықты әлеуметтік тұрғыдан қамту мәселелерге жан-жақты тоқталып, өз есебінде нақты көрсеткіштер мен салыстырмалы цифрларды алға тартты. Қала әкімінің депутаттар алдында есепті баяндамалары тыңдалып және талқыланып, атқарған жұмыстарына оң баға берілді.
Сессия күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «2020-2022 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы шешіміне өзгерістер енгізіліп, нәтижесінде қала бюджеті 449 млрд теңгеден 454 млрд 500 млн теңгеге артты.
Сессия отырысында кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балаларды қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу жөніндегі жұмыстары туралы, жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы, автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерге арналған базалық салық мөлшерлемесін ұлғайту туралы, қала қаласының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін арттыру туралы, Шымкент қаласының кәсіпкерлікті және индустриалдық-инвестициялық даму басқармасының Шымкент қаласында шағын және орта бизнес қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік секторын дамыту және қолдау жөніндегі жұмысы туралы, әлеуметтік объектілерді, тұрғын үй объектілерін жобалау және салу сапасын қадағалау мен қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы органдардың жұмысы туралы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы, сонымен қатар, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының есебі, қаланың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының есебі және туризм басқармасының есебі тыңдалды.
Сонымен қатар мәжілісте «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» және «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия дербес құрамын бекіту туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралықкомиссия құру туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында «Бизнес Шымкент» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы», «Шымкент қаласы әкімдігінің жанында инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы шешімдеріне, одан бөлек, қала мәслихатының 2019 жылғы «Шымкент қаласында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы», «Шымкент қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидасын бекіту туралы» ,«Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы», 2020 жылғы «Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамын бекіту туралы» , сондай-ақ, «Шымкент қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғаужөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы», «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №23 сайлау округінің депутаты Дәрменов Ермек Аманжолұлы сайланды.
Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында және «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында егжей-тегжейлі талқыланды.