04.04.2022
ҚАЛА ӘКІМІ МҰРАТ ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫНЫҢ АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУІ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы #826 (Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдері түсіндірілсін) Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Абай ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізді.
Кездесуді қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Мәделіұлы Нарымбетов жүргізіп отырды. Жиынға «АҚ ЖОЛ» ҚДП Шымкент филиалының қалалық мәслихат депутаты ретінде және әріптестермен басқарма басшылары, зиялы қауым, БАҚ өкілдері қатысты.
Қала әкімінің кездесуіне 34 елді-мекеннен тұратын Абай ауданының 15 елді-мекені, атап айтқанда Жаңаталап, Қызылжар, Алтынтөбе, Көкбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жайлау, Ақниет, Ынтымық, Ынтымақ-2, Тұрлан, Жаңа Тұрлан, Ақниет, Қорғасын-1,2 Жиделі тұрғын алабынан 400-ге жуық тұрғыны келді.
Қала әкімі 1-тоқсанды қорытындылап, қаланың даму көрсеткішін баяндап, елдімекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.
Жиында Жаңаталап және Ынтымақ-2 елді-мекендерінің ақсақал, ауыл билері тұрғындармен үнемі кері байланыста болатынымды, талап-тілектерін билік өкілдеріне жеткізіп, тиісті жұмыс жасағанымды айтып, жеке атыма өз алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, ашық диалог арқылы мемлекеттік орган мен халық арасындағы байланыс нығайып, қаланың өркендеуінде үш жақты жауапкершілік орнағанын айтқан қала әкімі алда бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Кездесу тұрғындар сауалына жауап берумен ұласты.





