«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында «Қайырымдылық керуені» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, «Хабар» агенттігі, «КТК» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен шара осымен елімізде төртінші рет өтіп жатыр. Іс-шараға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов қатысып, жеті номинация бойынша үздік деп танылған қатысушыларды марапаттады.
«Қайырымды керуені» байқауы игі іс жасайтын, қол ұшын созатын жандарды анықтауға, халықтың азаматтық бастамасын жандандыруға және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтауға үлес қосады.