08.03.2017
8-ші наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтау
7 наурыз күні Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы бастаған бір топ депутаттар мен мәслихат аппараты қызметкерлері мәслихаттағы депутат қыз келіншектер мен аппараттағы нәзік жандылар қауымын халықаралық 8-ші наурыз әйелдер күні мерекесімен қызу құттықталды.
Әйел-аналардың қоғамдағы ерен еңбектері мен, бала тәрбиесіндегі, отбасындағы алар орны жан-жағына шашар жылуы мен мейірімі жөнінде жақсы жылы сөздер айтылды.
Сыйлықтар мен гүл шоқтары тапсырылды.
Өз тұсынан әйелдер қауымы да алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
