Комиссия отырысына уақытша комиссия мүшелері және әкімшілік-құрылымдық бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.
Күн тәртібінде:
1) «Базарқақпа» тұрғын алабының кәріз жүйесі бойынша арызы туралы
2) «Нұрсәт» м/а., тұрғындарының бірқатар шешімін таппай келе жатқан мәселелері бойынша жазған арызы туралы
3) Әл-Фараби алаңындағы «сағат», құрама конструкциялық автотұрақ туралы депутаттық сауалдың орындалуы туралы
4) «Нұрсат» м/а., №18 үй тұрғындарының арызы туралы мәселелер қаралды.
Комиссия отырысын, комиссия төрағасы – Н. Бұхарбаев жүргізіп, мәселелер толығымен егжей-тегжейлі қаралып, талқыланып, әкімшілік-құрылымдық бөлімдерінің жауапты мамандарына тапсырмаларына тиісті ұсыныстар берілді. Келесі уақытша комиссия отырысына аталған бөлімдердің жауапты мамандары комиссия мүшелерімен бірге мәселе туындаған жерге барып, сол жерде мәселені шешу жолдарын қарастыру керектігіне бірауыздан келісті.