Шымкент қаласы мәслихатының мәжіліс залында Төрайым Сұлтанованың төреағалығымен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссия құрамымен бірлесе «Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының» басшысы – Ханзада Есенова, «Шымкент қаласы опера және балет театры» МККҚ директорының міндетін атқарушы – Майра Мұқамедқызы, «Шымкент қалалық, «Мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МККҚ директорының міндетін атқарушы – Сакен Майғазиев, «Шымкент-Цирк» МККҚ директорының міндетін атқарушы – Әділханов Нұралы Ыдырысұлы қатысты.
Өз баяндамасынада қаламыздағы кітапханалар жүйесінің модернезациялау презинтациясынмен бастаған Ханзада Есенова, алдағы уақытта кітапханалар жүйесін жаңартуға көңіл бөлуді, оның ішінде «Отбасы кітапханасын» дамытуды кітапханалардың техникалық компоненттеріне ғана емес, сонымен қатар эстетикалық және гуманитарлық жағына назар аударуды ұсынды.
Сонымен қатар Өз кезегінде «Шымкент қаласы опера және балет театры» МККҚ директорының міндетін атқарушы – Майра Мұқамедқызы қаламыздың өз операсы болу керектігін Наурыз мейрамына орай «Домалақ ана» операсын қоюды жоспарлап жатқандығын баяндады. Жоспар бойынша жүргізілетін іс шараға біршама қызметкерлер саны жетіспеушілігін алға тартып, театрға жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
«Шымкент қалалық, «Мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МККҚ директорының міндетін атқарушы – Сакен Майғазиев Шымкентке оркестрдің жоқтығын, фольклорлық ансамблді қайта жасақтауды тілге тиек етті.
Комиссия мүшелері алдағы уақытта мәдениет үйлерін аралап, мәжілісте қозғалған мәселелерді комиссия мүшелерімен бірлесе талқылау жүргізетіндігін жеткізді.
19.02.2021
БҮГІН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН МӘЖІЛІС БОЛЫП ӨТТІ.