13.12.2018
2018 жылғы 13 желтоқсанда алтыншы шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының қырық екінші сессиясы алдындағы тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өтті
Шымкент қаласы мәслихатының мәжілісінде 42 сессия күн тәртібінің жобасы қосымша мәселелер енгізіліп, халық қалаулылары мен атқарушы органдар арасында 2019-2021 жылдарға арналған қала бюджетін бекіту барысы қызу талқыға түсті.
Тұрақты комиссияның бірлескен отырысында;
- Мемлекеттік – жекешілік әріптестік жобасы бойынша міндеттемесін қабылдау туралы;
- Күн тәртібінің келесі мәселелері бойынша Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария, құрылыс басқарма басшылары атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
- Халық қалаулыларының ұсынысы бойынша сессия күн тәртібіне азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру;
- Зейнеткерлерге елді-мекен шегінен тысқары жерлерге емделу үшін бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру;
- Шымкент қаласы әкімдігінің жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы;
- Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қаңтардағы «Шымкент қаласының сәулет-қала құрылысы Кеңесінің дербес құрамын бекіту» туралы №25/212-6 сессия шешімін жою туралы;
- Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы;
- Шымкент қаласы мәслихаты аппарытының мемлекетік әкімшілік қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, бірлескен отырыста қала мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары және мәслихат аппарытының қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыс сметасы,кезекті сессияның төрағасын сайлау туралы Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Әбдәғаниұлы баяндама жасады.
Қырық екінші сессия алдындағы тұрақты комиссияның бірлескен отырысына қала мәслихатының хатшысы, депутаттары, аудан әкімі орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.